Алаяқ Kaspi-дің клиентін телефонмен алдауға әрекет жасады

Соңғы кезде Қазақстанда өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, SMS-кодтарды және шоттар мен карталар туралы басқа да құпия ақпаратты алдап алып, ақшаны ұрлауға тырысатын алаяқтар көбейіп кетті. Kaspi клиенттерінің біріне осындай алаяқ телефон соғыпты. Ол әйел бір жөнсіздікті іші сезіп, алаяққа қарсы келіп, Kaspi-ге телефон соққан. Автордың рұқсатымен алаяқпен сөйлескен әңгіменің жазбасын осы жарияланымда оқу материалы ретінде беріп отырмыз. SMS-кодты және шоттарыңыз бен карталарыңызға қатысты басқа да құпия ақпаратты ЕШКІМГЕ, тіпті банк қызметкеріне де айтуға болмайтынына назарыңызды аударамыз. Егер болмашы ғана күдік туындаса, ешқандай әрекет жасамаңыз, ешқандай операцияны растамаңыз. Жай ғана бізге 9999 нөміріне хабарласыңыз, біз сізге не істеу керектігін айтамыз.
Back to Top