“Мүгедек қыздарды екінші әйел қылып алсын” - психолог | Зинақор еркектер | Педофилияға қыздар кінәлі

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс ♦️Спикерлер: Әмір Мәуленов - белсенді. “Қазақ жігіттері кемі 2-3 әйел алу керек“ дейді. Серікгүл Сәли - психолог. “Қазақ әйелдерінің 2 күйеуі болу керек“ дейді. “Қазақ қоғамындағы еркектер 2 әйел алу керек пе? Жоқ па?“ Бұл қоғамда әлсін-әлсін талқыланып тасталатын тақырып. Шу етіп қоя салады. Бір қарасаң назар аударуға тұрмайтын тақырып іспетті, бірақ бұл мәселені 2 әйелі бар азамат айтып, барлық қазақ жігіттерін соған саналы түрде үндегенде үнсіз қалуға болмады. “Бұл әйелдердің құқығын таптау ғой“ дегенде бүгінгі спикер Әмір Мәуленов “ашық-шашық, саны мен бөксесін жалтырып жүрген қыздар ПЕДОФИЛИЯға кінәлі“ деді. Ал керек болса! Ол ол ма, “бір еркектің екінші, үшінші, төртінші әйелі атану азаматшаға еркіндік беретін бірден-бір жол“ деп қойып қалды. Ол аздай “қазіргі байлар мен шенеуніктердің біразынде көңілдес бар, тек төсек қатынасы үшін пайдаланады. Соларды заңдастыру керек, мемлекет көпәйел алуға рұқсат берсін“ дегенде құладық енді.
Back to Top