«Әділдік іздеп, шаршадық!». Ақтөбе облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған
19 жастағы бойжеткеннің туыстары полицейлердің істі дұрыс тексермей жатқанын айтып, шағымданды. Марқұмның мүрдесін жақындары ауылдағы бір үйдің моншасынан тауыпты. Алайда олар қыздарының ол үйге бармақ түгілі, тіпті жақын араласқан адамдары еместігін айтып отыр. Ал, сараптама қорытындысында бойжеткеннің иістен уланғаны жазылыпты. Бірақ, жақындары мұнымен келіспей, мүрдеге эксгумация жасап, нағыз қылмыскерді тапсын деп отыр.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан