Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғынына уәде етілген пәтер берілмеген

Әкім сөзінде тұрмады. Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны дүниеге келгенде сүйіншілеген шенділер оған қаладан бір пәтер уәде етіп, тілшілерді шақырып, газет-жорналдардың бәріне жазғызып, дабыра қылып еді. Қала тарихында аты жазылған Әлинұр бала туралы шенділер ұмытып кеткен сияқты. Ол отбасымен көпқабатты үйдің қоймасында тұрып жатыр. Ал әкесі болса, “Әу баста-ақ басыбайлы баспана бере қояды дегенге күмәнмен қарап едім, ипотеканың өзіне жете алмай отырмыз ғой“, - депті біздің тілшіге. Бүлдіршіннің қазіргі жағдайын көрейік. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top