468 болашақ дәрігер диплом алды

Бүгін бес жыл бойы адам тәнін емдеуді үйренген түлектер диплом алды. Ақ халатты абзал жандардың қатарын толықтыратын жастар университет бітіргенімен магистратура немесе интернатура оқиды. Алғашқысы білім мен ғылымға, кейінгісі нағыз маман болуға жол ашады. Бес жыл бойы жақсы оқып, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан Нұркелді Бақтыбаев бүгін үздік дипломын қолға алды. Ол бала жастан ақ халат киіп, адам тәнімен қатар жанын емдеуді армандайтын. Арманы оны Қызылорда облысы, Жалағаш ауданынан Ақтөбеге әкелді.
Back to Top