Ауызсудың азабы

Алматы облысында бүтін бір елді мекеннің тұрғындары ауыз сусыз қалуы мүмкін. Қарасай ауданы әкімдігі биыл, ауданның 90 жылдығын тойлаудан қолы босамады ма, әлде естеріне кеш түсті ме, көктем емес, жаз емес, қара күзде құбыр жүргізуді енді қолға алып жатыр. Жамбыл ауылының көшелері қазір соғыстан кейінгі жағдайға көбірек ұқсайды. Орталықтың астаң-кестеңі шығып, қазылған күйі жатыр. Әсіресе, мектептің жанындағы шұңқырға балалар бірінен соң бірі құлауда. Ал әр үйге су желісін тарту құны - 90 мың теңге екен. Жағдайы төмен отбасылардың дені оны қалтамыз көтермейді дейді. Ала жаздай жатқан құбырлар неге бізде қар түскенде қазылады? Әлде бұны тендерден теңге сауу дей ме? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top