ТОК-ШОУ: ҰЛ МЕН ҚЫЗДЫҢ АРАСЫНДА ДОСТЫҚ БАР МА?

27-ші қаңтар күні Атырау қаласының химия-биология бағытындағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ оқу-тәрбие жұмыстары аясында, алғаш рет ҰЛ МЕН ҚЫЗДЫҢ АРАСЫНДА ДОСТЫҚ БАР МА? тақырыбында ТОК-ШОУ ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысып, тұшымды ой, салмақты сын білдірді. Ұл мен қыздың қарым-қатынасына сыни көзқарас танытудың артықшылықтары мен кемшіліктері жөнінде ой тебіреніскен ток-шоу қонақтары алуан түрлі пікірлерді тыңдап мәселенің мәнісін шешудің оңай еместігіне көз жеткізді.
Back to Top