Ақмола облысында 13 жастағы қыз жоғалып кетті

Ақмола облысында 13 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті. Жасөспірімді полиция қызметкерлері, еріктілер, туған-туыстары осымен 5 күн бойы үздіксіз іздестіріп жатыр. Қыз бала отбасымен бірге Щучинск қаласында тұрады. Алайда, жоғалар күні ол Көкшетау маңындағы Нұрлы көш ауылында тұратын туыстарының үйіне қонаққа барған. Әйгерім Хайдарова 20 тамыз күні шашын боятпақ болып туыстарының үйіне 1-2 шақырым жердегі Красный Ярдағы шаштаразға кеткен. Салонға барған кезде, онда қажетті бояу болмаған соң, сол жерден шығып, содан бері хабар-ошарсыз кетіпті. Іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Алайда, әзірге еш нәтиже жоқ. Жоғалған жасөпірім қыз туралы қандай да бір дерек білсеңіз info / 8 775 085 03 15 8 775 085 03 15 немесе 102 нөміріне хабарласыңыз. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top