Карантин кезінде түрлі челлендж-эстафеталар қаптады

Карантин уақытында ғаламтор мен әлеуметтік желілерде сан-сарындағы челлендж эстафеталар қаптады. Мұны бір жағынан іші пысқанның, еріккенің ермегі, зеріккеннің уақыт өлтіруі деп түсінуге болар еді. Бірақ қалыптасқан үрдістің психологиялық аспектісі де бар. Түрлі фольклор, юмор, позитив. Осының барлығы карантин туындатқан трендтер. Алайда. Алайда елдің бәрі челлендж жолдап позитивті көңілде отырса бір жөн ғой. Тәртіпке бағынған құл болмайды, деген батыр Бауыржан атамыздың қағидасын әркім ұстана бермейді. Карантин талаптарын жаппай бұзып жайтқан жайттар жетіп артылады. Бір ғана астананың өзінде төтенше жағдай басталғалы бері 3 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алматыда да осындай ахуал. Атың шықпаса жер өрте, ішің күйсе тұз жала дейді қазақ. Ал іш пысқанда қайтпек керек? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top