ИМАННАН ҚАЛАЙ АЙЫРЫЛАМЫЗ ᴴᴰ | Нуман Әли Хан

Танымал Құран тәпсіршісі Нуман Әли Ханның керемет уағызын назарларыңызға ұсынамыз. Осы уағызда ұстаз Нуман Әли Хан, Хадид сүресінің бірнеше аятының тәпсірін береді. Хадид сүресінің бірнеше ғана аяттарында Алла Тағала кезінде иманы болған, бірақ мұнафық болып дүниеден өткен имансыздардың Қияметтегі халін баяндалады. Бұл имансыздар кезінде Аллаға құлшылық еткен мұсылмандар еді. Бірақ Қиямет күні имансыздардың қатарынан табылады. Хадид сүресіндегі азғантай аяттарда мұсылмандарға аса маңызды мәселе қозғалады. Алла Тағала адам иманынан қалай, не себепті айырылатыны туралы баяндайды және иманды қалай сақтап қалу, қалай иманды қуатты, мықты ету туралы айтылады.
Back to Top