Архимед Мұхамбетов: «Команда алдында үлкен міндеттер тұр»

Облыс әкімі сары-жасылдарды Суперкубок матчындағы жеңісімен құттықтады: – Құрметті жанкүйерлер, қадірлі қостанайлықтар! Сіздерді ел спортындағы айтулы жүлде – Суперкубокпен шын жүректен құттықтаймын. Біздің «Тобыл» жеңіске деген жігерлігінің, ұйымшылдығының, бірлігінің арқасында екінші жыл қатарынан осы жүлдені иемденіп отыр. Бұл осы жылдағы соңғы трофей емес екеніне сенімдімін. Бұлардың бәрі біздің жанкүйерлеріміздің арқасы. Шынайы қолдау білдіріп келе жатқан жанкүйерлерге айтарым, біз, жергілікті атқарушы органдар, команданы биіктерге жеткізу үшін қолымыздан келгенін жасаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бүгінде балалар спортына айтарлықтай көңіл бөлінген. Облыста 7200-ден астам бала футбол үйірмесінде жаттығады. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 500 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Осы жылы команда алдында үлкен міндеттер тұр. Алда чемпионаттың қалған ойындары бар. Бүгін қиын қарсылас түсті. «Ақжайық» лайықты қарсылық таныта білді. Біздің команда үш күн бұрын ғана «Қайратпе
Back to Top