Балалар өлім аузынан аман қалды

Жазғы демалыс басталысымен балаларға қатысты жазатайым оқиғалар көбейіп кетті. Мәселен Елордада техникалық көпірдің үстінде ойнап жүрген 11 жастағы жеткіншек тоққа түсіп, 5 метр биіктіктен жерге құлаған. Ата-анасының сөзінше, көпір аумағында техникалық қауіпсіздік шаралары мүлдем сақталмапты. Өлім аузында жатқан баланың өмірі үшін дәрігерлер барын салды. Ең сорақысы бұл жалғыз оқиға емес. Есік алдында ойнап жүрген тағы бір баланың үстіне ағаш құлапты. Жеткіншек бірнеше күн қатарынан комада жатыр. Олардың қазіргі жағдайлары қалай? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top