Ақұштап Бақтыгерееваның “Ұлттық тәрбие - ұлттық тамыр“

Бүгін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттеріне Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Құрмет» орденінің, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның “Ұлттық тәрбие - ұлттық тамыр“ тақырыбында дәрісі өтті. “Рухани жаңғыру“ аясында ұйымдастырылған дәрістің мақсаты - студенттердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылық пен жалпыадамзаттық құндылықты ұштастыра алатын тұлға етіп тәрбиелеу, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қосатын маман даярлау. Студенттер отансүйгіштік, тәрбие мен өнегені өлеңмен өрнектеген ақынға сұрақтар қойып, жырларын жатқа оқыды. Ақынның сөзіне жазылған ән де шырқалды. Ардақты Ақұштап апамызға ғибратты ғұмырдың үлгісін көрсетіп, ортамызда есен-сау жүруін тілейміз! #БҚАТУ
Back to Top