Дәрігер: Отбасым мені індет жұқтырып ала ма деп уайымдайды

Елімізде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны мың жарым адамнан асып кетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, қазір Қазақстанда пандемия шыңына жетті. Айтпақшы індет жұқтырған медиктер саны да 400-ден асып кетті. Дәлірек айтсақ, бүгінде 423 ақ халатты COVID жұқпасына шалдыққан. Олардың 43 пайызы – Алматы, 33 пайызы Нұр Сұлтан – және 23 пайызы Шымкент қаласының еншісінде. Айта кету керек, қазір медицина қызметкерлері ерлікке бергісіз еңбек етуде. Бастарын қатерге тіксе де, үй көрмей жұқпалы індетпен жағаласып жатқан абзал жандар біраз қиындық көрсе де, Гиппократ алдындағы антқа адал екендіктерін айтып, ағынан жарылуда. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top