Қайтарылған нәрселер мен бидғаттарды жоққа шығару (5-хадис) - Бағзат Ақжол

ХАДИСТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Бұл хадис Исламның ұлы негіздерінің бірі және амалдарды сыртқы жағынан бағалаудың өлшемі. Хадистің мазмұнынан Алла Тағала мен Оның елшісінің (с.ғ.с.) шариғатына сай келмеген әрбір амал қабылданбайтындығы және ол иесіне (істеушісіне) қайтарылатындығы туралы ұғым шығады. Демек, дінімізге біреу Алла және Оның елшісі (с.ғ.с.) рұқсат етпеген кез келген істі жаңалық етіп енгізсе, мұнысы ешқашан да дін істерінен болып есептелмейді. Ән-Нәуәуи (Алла оған рақым етсін): «Бұл хадисті есте ұстау керек және барлық діннен емес деп қайтарылған істердің жалғандығына дәлел ретінде келтіру қажет», – дейді. Ал Ибн Хажар әл-Һайтами: «Ол – Ислам қағидаларының бірі және мәні мен маңыздылығы тұрғысынан қарастырғанда, ең пайдалы қағидалар қатарына жатады. Өйткені ол шариғат үкімдері шығарылатын әрбір дәлелге әмбебап алғышарт болып табылады», – деп айтқан.
Back to Top