ТЕМІРЖОЛ БОЙЫНДА ҚАУІП КӨП

Теміржол бойында тәртіп бұзушылық азаймай тұр. Былтырдың өзінде 3 адам пойыз астына түсіп, 2 адам қаза тауып, бір адам мүгедек болып қалды. Ескертуді елемей, тайраңдайтындардың кесірінен пойыздар уақытынан кешігіп, салдарынан жолаушылардың діттеген жеріне кешігіп жетуіне әкеп соғып отыр. Маңайдағы арнайы белгіленген жерлермен жүруге ерінген жолаушылар теміржолды көлденең кесіп өтеді. Ал мұның арты қайғылы жайттарға соқтырып жататыны сөзсіз. Осыған орай Желілік полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қадағалап жедел алдын алу үшін «Жедел алдын алу» акциясын өткізді. Сайт - online - facebook - VK - Instagram - Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - Google Play - #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO
Back to Top