Құрметті көрермен, «Парасат майданы» хабарының ұжымы жазғы үзілістен шықты. Жаңа маусымдағы алғашқы шығарылым - Варфоломей түні деп аталады.
Варфоломей түні – реформацияға қарсы күресте ұйымдасқан
католиктер 1572 жылы 24 тамызға қараған түнінде «әулие Варфоломей мерекесі қарсаңында» Парижде шіркеуден дабыл арқылы белгі беріп протестанттарды жаппай қырған. Кей мәлімет бойынша, сол түні Париждің оннан бір бөлігі қаза болған. Варфоломей түніндегі оқиға Францияның басқа да қаласында қайталанады.
Жалпы, дін – адамдарды табыстыра ма, әлде араздастыра ма? Саясаткер Айдос Сарым мен шығыстанушы Данияр Меңілбековтің пікірін тыңдайық.
Толық нұсқа: