Карантин кезінде жұмысы тоқтағандар қалай күн көреді?

Локдаунға кіруін кіріп алдық. Әуелі екі жеті дегенімен ол төрт я одан да көп апталарға созылуы мүмкін екендігін ешкім жоққа шығармайды. Осы тұста біраз сұрақ туындайды. Халық үйде отыруын отырады ғой, тек ішіп-жемі болса. Көктемде 42500-ді там-тұмдап болсын талғажау етті жұрт. Бұл жолы мемлекеттен тиын-тебен берілмейді. Себебі бұл төтенше жағдай емес деген еді Премьер-министрдің орынбасары. Қазір жаз мезгілі болғандықтан карантиндік шаралар көктемдегідей ауыр тимеуі тиіс деп санайды экономистер. Ауылшаруашылығы, құрылыс сияқты салаларында жұмыс тоқтатылмайды. Десе де, бұл жалпақ жұртқа жұбаныш бола қояр ма. Экономистердің болжамына сенсек, пандемия күзге дейін созылса, жұмыссыздық саны артып, шағын және орта бизнес шатқаяқтап қалуы мүмкін. Дегенмен де, тығырықтан шығудың жолы болуы тиіс қой? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top