Анашым, Әкешім. Сөзі Нариман Даулетовтікі Әні Арман Бексұлтандікі
Түн ұйқысын төрт бөліп, мәпелеген, Анашым.
Құлатпай да, жылатпай жетелеген Анашым.
Жан жүрегі езіле, аялаған, Анашым.
Борыштымын өзіңе, сая болған, Анашым.
Асқар таудай Әкешім,
Ақ жаулықты Анашым,
Екеуіңде мен үшін
Қасиетті данасың!
Шаңыраққа шаттық боп,
Жылу берген өздерің.
Жүрегімде жүр әлі,
Айтқан ақыл -- сөздерің!
Ұялады көңілге, ақылдарың өлшеткен,
Өздерің ғой өмірге, тура жол