Күдіктімен селфи жасаған полицей қызметінен кетті

Күдіктімен селфиге түскен полицей қызметінен қуылды. Тексеру жүргізген тәртіптік комиссия учаскелік полиция инспекторының әрекетін офицер үшін орынсыз деп санады. Нәтижесінде, қызметтік тәртіпті бұзып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтамағаны үшін аталған тәртіп сақшысы жұмысынан босатылды. Еске сала кетейін, бұған дейін Шымкенттегі үйдің кіреберісінде зейнеткерді зорламақ болған ер адамның ұсталғаны жөнінде ақпарат таратқан едік. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы азғынды анықтап, ұстаған болатын. Сол кезде күдікке ілінген азаматты бөлімшеге алып бара жатқанда полицейлердің бірі қызметтік көлікте онымен бірге селфи жасап, суреті әлеуметтік желіде тараған болатын. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top