Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 32-ші жазғы олимпиадаға аттанатын Қазақстан құрамасының спортшыларын қабылдады. Бүкіләлемдік пандемияға байланысты кейінге қалдырылған жаһан додасы биыл Жапония астанасы Токиода өтеді. Президент байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын отандастарымызға сәттілік тілеп, құрама капитандары боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға көк туымызды салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Олимпиадада спортшыларымыз сәтті өнер көрсету арқылы, олар барша ел тұрғындарына Тәуелсіздіктің 30 жылдығы тұсында керемет сый жасайтынын атап көрсетті.
Все новости Первого канала “Евразия“ теперь и в Telegram: Подписывайтесь!
Наш сайт -
Vkontakte -
Facebook -
Twitter - @1tvkz
–
–
instagram -
Qoslike -