Шығыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек Атырау облысынан

Тасқын судан зардап шеккендерге 200 келіден астам киім-кешек жиналды (ВИДЕО) Атырау тұрғындары 3 күн ішінде Шығыс Қазақстан Облысындағы зардап шеккен халыққа 200 келіден астам киім-кешек жинады. Ересектер мен балаларға арналған жылы киімдер, тіпті ойыншықтарға дейін бар. Одан бөлек, Атырау медициналық колледжі ұжымы қаржы жинап, 108 дана консервіленген өнім, 60 келі макарон өнімдерін, 35 литр сұйық май әкелді
Back to Top