Букмекерге ақша тіккен: жас курсанттың өліміне қатысты тың дерек

Букмекерге ақша тіккен! Алматының әскери академиясындағы жас курсанттың өліміне қатысты Ішкі істер министрлігіндегілер осындай дерекпен бөлісті. Ведомоствоның кадр саясаты департаментінің басшысы Айдар Сайтбеков қайғылы жайтқа кешенді тексеру барысында әлеуметтік зерттеу жүргізілгенін айтты. Оның барысында марқұм Саламат Өтегеновтің өзінің курстастарынан түрлі сомада жиі қарыз алғаны, сондай-ақ букмекерлік конторада онлайн ақша тіккені анықталыпты. Қазір бұл оқиғаны тергеу барысын ішкі істер министр Ерлан Тұрғымбаев жеке бақылауына алған. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top