Батырдың сөзі I Слова Батыра | Baatyrdyn Soozi | Altay Kai

Алтай Кай тобының орындауындағы “Батырдың сөзі“ әні. Қазақша аудармамен. Қазақша текст: Көркі сұлу бұл Алтайда, Кілемдей сұлу бұл далада Ақ таудың етегінде, Ақ теңіздің жағасында, Тегін емес өмір сүрген, Батырым жасаған! Ары барса - онда емес, Бері келсе - мұнда емес, Ары барса - аюдай, Бері келсе - бөрідей, Қорқыныш сөзін ол білмес, Батырым жасаған! Алтайынан алғысты, Атқан оғы дөп тиер, Мінген ата жарады, Айтқан сөзі шешендік, Еткен адымы түп-түзу, Тыңдаңдар, тыңдаңдар, тыңдаңдар! Кетерінде батыр айтты, Келер-келер болашақта, Кілемдей әдемі бұл далада, Көрікті бұл Алтайда, Өзгерер, өзгерер, өміріміз! Алтайыма шақ келер, Халқымыз адасып жүрер, Ащы дәмді су ішіп, Халықым азаяр, Алтайда, Алтайда, Алтайда! Кісі, кісі, адасып, Заң жайында соғысар, Басқа халық ол келіп, Басқа заңға үйретер, Үйретер, үйретер, үйретер! Келешекте Алтайға, Алтай батыр ұл келер, Халқымыз оянып, Алтайымыз бірігіп, Жаңарар, жаңарар, тұрмыс! Аударған: Дуйсенов Қуанышбек Original:
Back to Top