Невский дулығасындағы Құран аяты | Қазақ батырларының сауыт-саймандары

Невский дулығасындағы Құран аяты Александр Невскийдің дулығасындағы арабша жазуы бар тарихи жәдігері Кремльдегі қару-жарақ палатасында №4411 түгендеме нөмірімен сақтаулы тұр. Бұл дулыға Ресейдің елтаңбасында да бейнеленген. Дулығада әс-Сафф сүресінің, 13-аяты: «Алладан келетін жәрдем және жақында жүзеге асатын жеңіспен мүміндерді сүйіншіле» деп жазылған. Александр Невский 1221-1263 жылдар аралығында өмір сүрген. Бұл аралық Алтын Орданың билік жүргізген уақытына сәйкес келеді. Сәйкесінше орыс княздықтары Алтын Ордаға бағынышты болғанын білеміз. Сол кезде Алтын Орданы Шыңғыс ханның немересі, Жошының ұлы Берке хан басқарған. Берке хан 1209-1266 жылдар аралығында өмір сүрген және Шыңғыс ұрпақтарынан алғашқы болып Ислам дінін қабылдаған адам. Осылайша Беркенің тұсында ислам діні Алтын Орданың ресми дініне айналған. Невскийдің арабша жазуы бар дулығасы Сарай-Батудағы қолөнер шеберлерімен жасалған болуы және осылайша Невскийге сыйға тартылған болуы ықтимал. Невскийден кейін бұл дулығаны Михаил Романов киген. Сонымен қатар Иван Грозный мен Федор Мстиславскийде де арабша жазуы бар дулығалары болған. Ал мынау қазақ батырларының қару-жарақтары мен сауыт-саймандары. Атыраудағы тарихи мұражайдағы жәдігерлер. Бұл жәдігерлер 12 ғасыр мен 19 ғасырдың аралығына жатады. Айтпақшы, Ислам діні қазақ даласына 19 ғасырда келген дейтіндерге осы видеоны көрсетіңіздер! #АлександрНевский #ЗолотаяОрда #Коран
Back to Top