Берікбай НҰРЫМБЕТОВ – Мен үшін Головкин әлі де №1

Кәсіпқой боксқа 2016 жылы бет бұрып, үш жекпе-жекте де жеңіске жету арқылы жанкүйерлерді өзіне баурап алған Берікбай Нұрымбетов содан бері шаршы алаңға шықпай кеткен еді. Open Ring youtube арнасына сұхбат берген Нұрымбетов неліктен бокстан қол үзіп қалғандығын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, Украина боксының фанаты екендігін және әлем боксының рейтингінде әлі де Геннадий Головкинді үздік санайтындығын айтты.
Back to Top