Қордай қақтығысы: Қанша адам ұсталды?

Қордайдағы тәртіпсіздік кезінде 19 полицей жарақат алған. Оның тоғызына қарсы оқ атылған. Бұл туралы Жамбыл облысына әкім болып тағайындалған Бердібек Сапарбаев мәлім етті. Елордаға келіп соңғы деректермен бөліскен ол, Қырғызстанға үдере қашқандарды қайтару жолында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын да жеткізді. Ішкі істер министрлігінің өкілдері қанша қылмыстық іс қозғалғанын айтқанымен, қанша адам ұсталғаны туралы тіс жармады. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top