Астанада бес баланың өмірін жалмаған өртке қатысты алғашқы болжамдар айтылды

#КТКжаңалықтары Астанада бір үйдің 5 қызы бірдей өртеніп өлді. Әке-шешесі түнемелік жұмысқа кеткенде аяқасты от тұтанып, шағын сарайды әп-сәтте шарпып кеткен. Өрт құрсауында қалған бес қыздың ең үлкені 12-де, ең кенжесі бірге де толмаған екен. Көршілер құтқарып қалмақ болғанымен, қою түтін арасынан таба алмапты. #Астана #үй #өрт #өлім
Back to Top