Қазақстандық ұжым ТМД елдерінің театр фестиваліне қатысты

ТМД елдерінің театр фестиваліне Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері «Құсни-Қорлан» спектаклін ұсынып отыр. Мәдени шара бағдарламасына студенттік қойылымдар, семинарлар мен пікірталастар, сондай-ақ жастар мен педагогтарға арналған шеберлік сыныптар енгізілген. Фестиваль 21-25 сәуір аралығында өтеді. Байқауға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Армения және Молдовадан келген театрлар қатысады. Мақсат – достастық елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту.
Back to Top