Кзі ашы, ккірегі ояу туынды Баытжан Барбайды Кміс кітап атты кітабыны талылауы

Бүгінгі көріп жүргеніміз ертеңіміз бұлыңғыр болмайды дегенге сенім бермейді. Соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, жастардың 80%-ға жуығы кітапты не сирек оқиды не оның бетін мүлдем ашпайды. Ертең осы жастар орын басады, ал құндылықтар жүйесі бұрмаланған ұрпақ мықты қоғам құруға қабілетті емес. Оқитын жас адам «аға-көкеге» сенбей, өз-өзіне мүмкіндіктерді өзі жасай алады, ал мүмкіндіктерден табыс табуға болады. Осындай жас жігіттер мен қыздар көп болған сайын, қоғам беки түседі. Осындай ойды тізгінге алған саясаттанушы, суретші және қазақ тілін дамытуға бағытталған жобалардың авторы Бақытжан Бұқарбай 16 күнде «Күміс кітабын» дүниеге әкелгені туралы «Айтарым барда» оқырмандармен сөз қозғады.
Back to Top