Бүгіннен бастап «Өсиет» телехикаясы эфирге жол тартпақ

Қазақстанның кәдімгі бір қаласында қарапайым отбасы өмір сүреді. Әкесі және оның қыздары. Олардың қарым-қатынасын мінсіз деуге келмейді, бірақ ересек балалардың әрқайсысының өз ерекшелігі, өз мінезі болады емес пе? Олар есейген сайын, ата-анасымен ортақ тіл табысуы қиындай түседі. Мұндай жағдайларда біреулер қаталдықты таңдаса, енді біреулер балаларына жұмсақ қарайды. Әр отбасы өзінше дамып, табысқа жету жолдары да әр түрлі болады. Нақты алғандағы бұл отбасының да таңдаған өз жолы бар. Әдеттегі күндердің бірінде отағасы қыздарына өзінің айықпас дертке шалдыққанын айтады. Дәрігерлердің айтуынша, азғантай ғана өмірі қалған. Сондықтан өзінің бүкіл өмір жолын таразылай келе, қария өз қыздарына қатысты күнәларынан арылғысы келді ме екен, әлде көп жылдар бұрынғыдай үлкен бір отбасы болып тұруды қалады ма, қалай болғанда да, қыздарына өзінің соңғы күндерін олармен бірге өткізгісі келетіндігі туралы шарт қояды. Бұл үшін олардың бәрі оның үйіне көшіп келулері тиіс еді. Бүгіннен бастап «Өсиет» телехикаясы эфирге жо
Back to Top