«Әкімшілік қызметкерімін» деп таныстырған қылмыскер қамауға алынды

Қарағандыда қоқыс жәшіктері мен саябақтағы сәкілерді ұрлаған қылмыскер құрықталды. 30 жастағы азамат кеше кешкілік оларды ағытып жатқанда жедел бақылау орталығының бейнекамерасына түсіп қалған. Ізін суытпай, жедел жеткен тәртіп сақшыларына ол өзін «әкімшілік қызметкерімін» деп таныстырып, жауапкершіліктен жалтармақ болған. Алайда тексере келгенде оның мемлекетке тиесілі дүниелерді ұрлап жатқаны анықталды. Темірден жасалған 43 сәкі мен 22 қоқыс жәшігін ол сатпақшы болғанға ұқсайды. Қазір қылмыскер қ
Back to Top