Еңбекке - құрмет. «Жаңа қадам»

«Елімізде еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды». Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына жолдауында айтты. Содан бері, адал еңбегінің арқасында нәпақасын тауып жүрген қарапайым еңбек адамдарын насихаттау әрбір мемлекеттік органның, атқарушы биліктің, қоғамдық ұйымдардың негізгі міндетіне айналды. Мақсат біреу: еңбектің бағалануы, келер ұрпақты еңбек етуге тәрбиелеу. Ұлы ойшыл әл-Фарабидің өзі «тәрбиенің негізі – еңбекте» дейді. Бүгінгі балаға, жастарға еңбек адамдарын таныту, оларды еңбекке баулу біз үшін де маңызды. Қазіргі уақытта көпшілік нағыз батырлардың жетіспейтінін айтады. Бірақ нағыз қаһармандар жұрттың назарынан тыс жерде. Олар бүгін біздің арамызда.
Back to Top