«Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауы өтеді
Қыркүйек айында «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабардар етті.
Сайыстың мақсаты - моральдық-этикалық құндылықтарды ілгерілету арқылы мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру, әдеп жөніндегі уәкілдер жайлы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру болып табылады.
Сондай-ақ, бұл байқау қорытындысы бойынша “Орталық мемлекеттік органның үздік әдеп жөніндегі уәкілі“ және “Жергілікті атқарушы органының үздік әдеп жөніндегі уәкілі“ атты екі номинацияда сый табыстау жоспарланып отыр.
Әдеп жөніндегі уәкілі жеңімпаз деп танылған мемлекеттік орган “Ең ашық (әдепті) мемлекеттік орган“ мәртебесіне ие болады.
Байқауға қатысу үшін іріктеу облыстық, республикалық конкурстық комиссиялардың шешімі бойынша жүзеге асырылатын болады.