Алматы маңында бірден бірнеше қар барысы фототұзаққа түсті

Алматы маңында бірден бірнеше қар барысы фототұзаққа түсті Аталмыш видеоны серіктестеріміздің бірі «Kazakh Tourism» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев (@yerkinbayev) өз парақшасында жариялаған екен. Видеода есейіп қалған екі марғауын ертіп жүрген ұрғашы қар барысын анық көруге болады. Бұл 2018 жылы негізі қаланып, екі жылдан бері ілбіс популяциясын сақтап, оны мейлінше қалпына келтірумен айналысып жатқан Қар барысы қоры (@snowleopard_kz) жұмысының бірден-бір нәтижесі. PS. Ғалымдардың пікірінше Жер бетінде бірнеше мың ғана барыс қалды, ал Қазақстандағы ілбістің саны 130-ға да жетпейді. #қарбарысы #ілбіс #алматыоблысы #алматы #ілеалатауы #фототұзақ #қарбарысынсақтау #қарбарысынқалпынакелтіру #қарбарысысанынқалпынакелтіру #қарбарысыпопуляциясынқалпынакелтіру
Back to Top