Мұз құрсауында қалған аққулар құтқарылды

Мұз құрсауында қалған жабайы аққулар құтқарылды. Оқиға Батыс Қазақстан облысына қарасты Жәнібек ауылында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құстар таңғы уақытта мұзға жабысып, қатып қалған екен. Олар мұзды ойып, аққуларға көмектеспек болғандарымен, судан шығара алмапты. Оқиға орнына келген төтенше жағдай қызметінің мамандары қанаттыларды аман алып қалды. Қазір аққулар жергілікті тұрғынның қорасында екен. Енді оларды көктемге дейін жылы орынға орналастыру мәселесі шешілетін болады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top