Талдықорғанда зейнеткерді көшеде тонап кетті

Талдықорғанда зейнеткерді көшеде тонап кетті. Оқиға сол маңдағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Мына кадрдан ер адамның жайбарақат кетіп бара жатқан әйелдің қасына жақындап, оның қолындағы сөмкесін тартып алып қаша жөнелгенін көруге болады. Сөмкеде құжаттардан бөлек зейнеткердің банк картасы мен 85 мың теңгесі болыпты. Жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары күдіктіні қаладағы орталық саябақтың маңында қолға түсірді. 19 жастағы бозбала ақшаны жұмсап үлгеріп, сөмке мен құжаттарды лақтырып жіберген. Қазір қамауда отыр. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top