Qаймақ: Ы.Жахаев ауылы

Жахаев ауылы дала академигі, атақты күрішші, осы өнімнен рекорд жасаған Ыбырай Жахаевтың атымен аталған. Даңқты жанға арналған ауыл мұражайында оның туған немересі қызмет етеді. Ауылдың қазіргі тұрмысы да күрішпен тығыз байланысты. Бірнеше шаруа қожалығы сыр сұлуын өсіріп, пайдаға кенеліп отыр. Бұл ел өнерлі жандарға кенде емес. Қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздарына хит ән жазып жүрген дарын иесі де осы ауылдың тумасы. Төреғали Төреәлі, Роза Әлқожа сынды сахна саңлақтары орындап жүрген туынды авторы кім? Ол жайында Qаймақтың осы шығарылымынан білесіздер.
Back to Top