Блок-бекеттегі сұмдық: 3 адам жұмыстан қуылып, бірқатары «қатаң сөгіс» алды

Алматыда блок бекеттегі қайғылы жағдайға жол берген 3 лауазымды тұлға жұмыстан қуылды. Ал, 6 басшы тәртіптік жазаға тартылды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Алматы қалалық полиция департаментінің патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Қуаныш Сатаев, департаменттің кадрлық саясат басқармасының басшысы Олжас Мырзабеков және жеке құрам бойынша инспекция басшысы Арнұр Ақылбеков қызметінен босатылды. Өзіне сеніп тапсырылған жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Тәймерденов пен оның орынбасары Нұрлан Алмасбековке және БАҚ құралдарына бұрмаланған ақпарат таратқан ресми өкіл Салтанат Әзірбекке де “қатаң сөгіс“ жарияланды. Ал, қалған тұлғалар ескертумен құтылды. ? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top