Комадағы жұмысшының бірі есін жиды

Алматыда кәріз құбырына түсіп уланып, комаға түскен екі жұмысшының бірінің беті бері қарады. №7 қалалық ауруханаға ауыр халде жеткізілген азаматтар бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алдыру апаратына қосылған болатын. Жасалған ем-домның нәтижесінде 25 жастағы Нұржан Қалыбай есін жиып, өз бетінеше тыныс ала бастаған. Ал 42 жастағы Асқар Қайназаров әлі комада, жағдайы ауыр екен. Естеріңізге сала кетске кеше «Алматы су» холдингінің екі қызметкері суық судың есептеуіш құралын тексеруге барғанда кәріз құбырына түсіп уланып қалған болатын. Зардап шеккендерге «Ауыр дәрежелі күкіртсутекпен ингаляциялық улану, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, уытты энцефалопатия» диагнозы қойылған болатын. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top