Сот басталды! Шамалған бекетіндегі апатқа қатысты істе 80-нен аса куәгер бар

Алматы облысында темір жолда болған жантүршігерлік апатқа қатысты сот басталды. Пойыз бен автобус соқтығысына күдікті ретінде Шамалған бекетінің кезекшісі танылған. Прокурор 60 жастағы Досбатыр Ахметжановқа темір жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережесін бұзған, сөйтіп абайсызда адам өліміне әкеп соққан деген айып тағып отыр. Енді диспетчердің кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ▶▶▶ Арнаға жазылыңыз:
Back to Top