Шетелдік нөмірмен бір жыл ғана жүруге болады

Шетелдік нөмірмен бір жыл ғана жүруге болады Соңғы жылдары тек қана Атырау облысының ғана емес, республика аумағында ТМД елдерінен – негізінен РФ, Қырғызстан және Армениядан әкелінетін көліктердің саны күрт өскенін байқаймыз. Осыған байланысты «АЖ» тілшісі Атырау облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВҚА бірнеше сауалдар жолдаған болатын. - Өзге елдерден әкелінген көліктерді тіркеу қалай жүзеге асады? - «Жол жүрісі туралы» Заңының 64 бабына сәйкес басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына бір жылдан кем мерзiмге әкелiнген жеңiл, жүк автомобильдерi мен автобустар, арнайы автомобильдерді қоса алғанда, мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер - мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Басқа мемлекеттен әкелінген, тіркеуге тыйым салынбаған көлік құралдарын есепке қою алдында ҚР Салық кодексінің 533 бабына сәйкес бастапқы мемлекеттік алым және утилизациялық алым төлеуге міндетті. Бұл алымдар көлік құралының шы
Back to Top