Патрульдік полиция қызметкері жанып жатқан көлікті сөндіріп, төтенше жағдайдың алдын алды

Полиция қызметкерінің шапшаң және анық әрекеті қайғылы оқиғаны болдырмауға көмектесті. Патрульдік полиция Полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Азат Жұмабеков Панфилов пен Қазыбек би көшелерінің қиылысында қызметте болды. «Бірнеше метр жерде тұрақта тұрған «Тойота» көлігінен түтін шыға бастады. Бірнеше секунд ішінде мен өрт сөндіргішті алып, жанып жатқан көлікке қарай жүгірдім. Көліктің иесі жанында болды. Есік пен капотты ашып, өртті сөндіруге кірістік. Бұл адам көп шоғырланған аймақ. Абырой болғанда, өтіп бара жатқандардың ешқайсысы зардап шекпеді, өрт жақын жерде тұрған көліктерге де өтіп үлгермеді. Бірақ, көліктің салоны толығымен дерлік жанып кетті. Темекі тұтандырғышқа қосылған телефон сымдарында қысқа тұйықталу орын алған болуы да мүмкін», — дейді, аға лейтенант Жұмабеков. Ал, көлік иесі полиция қызметкеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіруде. «Полицей еш ойланбастан өртті өте кәсіби түрде сөндірді. Оған алғысымды білдіремін», – дейді, Алматы қаласының тұрғыны. —————————————————— Патрульный полицейский потушил горящую машину и предотвратил ЧП Молниеносная реакция и четкие действия сотрудника полиции помогли избежать трагедии. Инспектор Полка патрульной полиции, старший лейтенант полиции Азат Джумабеков находился на службе на пересечении улиц Панфилова и Казыбек би. «С припаркованной в нескольких метрах автомашины марки «Тойота» пошел дым. Я в течение считанных секунд схватил огнетушитель и подбежал к загорающейся машине. Хозяин авто был рядом. Открыв дверь и капот, мы приступили к ликвидации возгорания. Это достаточно многолюдный участок. Благо, никто из прохожих не пострадал, да и огонь не успел перекинуться на стоящие рядом машины. Правда, салон автомашины сгорел почти полностью. Не исключено, что произошло замыкание телефонных проводов, подключенных к прикуривателю», - рассказал старший лейтенант Джумабеков. А, тем временем, хозяин авто благодарит полицейского за помощь. «Без колебаний, очень профессионально полицейский ликвидировал возгорание. Выражаю ему огромную благодарность», - отметил житель Алматы.
Back to Top