Жайнамазым ғажап кілем...Сырым Әуезхан

“Асыл арна“ ислами - ағартушылық телеарнасының рухани бейне роликтері. Директоры: Мұхамеджан Тазабек Бесмойнағым! Авторы:СЫРЫМ АУЕЗХАН Шаң-шұңынан шаһардың секем алсақ Жүрмін деймін ауылдан бекер алшақ Жабырқаған сәттерде жүрегіміз Жұпар иісін жусанның кетеді аңсап Бәрін тастап ауылға кете қалсақ... Баурайында таулардың біздің ауыл Туған-туыс сонда бар, ізгі бауыр Аппақ бұлтты басына құс жастық қып Асқар таулар жатады мызғып ауыр Бұғымүйіз ақса да тау басынан Әрбір үйдің табылар ауласынан Есепсіз көп еңбегін сіңіргенмен Ешбір салық алмайды жан басынан Ынтымақпен ауылым дара басып Бірге іздейміз кетсе де мал адасып Бір отбасы секілді бүкіл ауыл Кетпен, күрек жүреді араласып Жайсаң жазы, әдемі бұлтты күзі Естен ешбір кетпейді құрт, қымызы Танымайтын жанға да ауылымның Жылы ұшырап тұрады сыртқы жүзі Айналайын атыңнан Бесмойнағым Бабалардың ізі бар ескі аймағым Осы ауылда қой бағып, ешкі айдадым Осы ауылдың көп көрдім кеш, тойларын Ауыл-арым, өзіңсің ауыл - әнім Көкейімді кернеген
Back to Top