Комиссияны “күтіп алу“ заңды ма?

Ауданнан облыстан келген комиссияға аста-төк дастарқан жайып, қалтасына ақша салып жіберу – қонақжайлылық емес, қылмыс. Осы ісі үшін екі тарап та жазаға тартылады. Бүгін қоғам белсенділері мен жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі осындай мәлімдеме жасады. Мамандардың зерттеуінше, бір шенеунік елдімекендерге барып, кемінде 50 мың теңге пайда көреді екен. Мұны сыбайлас жемқорлық екенін айтқан сарапшылар онымен күресу үшін жаңа жоба бастапты. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top