Соғыс жақында біте ме? Қазақстанда басталуы мүмкін бе?

Ресей Украинаға басып кіргелі бір айдан асты. Отыз бес күннің ішінде соғыстан қашқан босқындардың саны төрт миллионға жетті. БҰҰ хабарлауынша қаза болған тұрғындар саны мыңнан асқан, оларды жүзден астамы кәмелетке толмаған балалар. Мерт болған әскерилер саны Украина жағынан 4000, ал Ресей жағынан 15000 жуық. Жақында Ресей мен Украинаның басшыларының арасында кезекті келіссөздер өтті. Онда не айтылды? Соғыстың жақында аяқталатын түрі бар ма? Қазақстан ше? Еліміздің басшылығының не ойлап жүргендігі айтпаса да түсінікті. Бір жағынан соғысқа қарсы шығам десе, Ресей өз жерімізге басып кіруі мүмкін, екінші жағынан Украинаға көмек бермесек, Ресейдің басқыншылық соғысы онымен аяқталмайтынына кім кепіл? Еліміздің солтүстігіне басып кіріп, орыс әлемін Қазақстанда “құтқара” бастаса қайтпекпіз?
Back to Top