Астанада қала тұрғындарының арасында конькимен жаппай сырғанау шарасы өтуде. Жарыс үш санат бойынша, яғни ер азаматтар, әйелдер және балалар арасында ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға мұз сарайының атынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, халық арасында коньки тебуді үйреніп, салауатты өмір салтын насихаттауда мұндай спорттық сайыстардың рөлі зор. Әліби Халелов, жаппай сырғанау жарысын ұйымдастырушы: - Жаңадан келгендер арасында өтеді. Талабы барларды спортпен айналысуға таңдаймыз.
Дерек көзі: арнасының ресми сайты