«Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық!». Осындай атаумен Қазығұрт ауданында «Парктер шеруі» акциясы ұйымдастырылды. Ондағы мақсат - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтап қалу. Аталмыш іс-шараны «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық паркі мен аудан жастары бірлесіп өткізді.