Арнау Анашым

АРНАУ “АНАШЫМ“ 1) Анашым нұрлы бейнең жарқын жақұт, Барлығың біздер үшін еді бақыт. Ақжарқын ақ жүзіңді, жанарыңды, Алысқа алып кетті-ау қайран уақыт. Қ-сы Анашым, Анашым, Сағындым көзіңнің қарасын. Анашым, Анашым, Жаныма нұр төккен дарасың. 2) Асылым арқаладың, жетеледің, Өзіңсіз бұл күндерге жетер ме едім?.. Біз үшін қайран Анам қажымастан, Тағдырдың тауқыметін көтергендің. Қ - сы 3) Анашым болсын жәннат жатқан жерің, Бағалы маңдай терің, бейнеттерің. Тағдырдан талықсыған сәттерімде, Күш-жігер берген де әркез бейнең сенің. Қ - сы Жанар Ешназар 5/05/2018
Back to Top