СҚО-да заңсыз елік атқандар ұсталды #СҚО_ПД #ДПСКО

Солтүстік Қазақстан аумағында аң қорғаушылар мен полицейлер күдік тудырған көлікті оқ атып, зорға тоқтатқан. Өңірде заңсыз аң аулаған төрт браконьер ұсталды. Табиғатты қорғау инспекторлары мен тәртіп сақшылары Тайынша ауданындағы Кеңес ауылының тұсында күдікті көлікті байқап қалып, тоқтатады. Алайда жүргізуші бұйрыққа бағынбай, қаша жөнелген. Полиция қызметкерлері табельдік қарудан оқ атып, ескерту жасаған соң ғана тоқтайды. Тінту кезінде көліктен еліктің еті мен аңшы мылтығы табылады. Ұсталған 22 мен 32 жас аралығындағы азаматтардың барлығы Ақмола облысының тұрғындары. #ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО
Back to Top